Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 қыркүйектен бастап барлық мектептер мен колледждерде “ДосболLIKE” бағдарламасы іске қосылады
Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап барлық мектептер мен колледждерде “ДосболLIKE” бағдарламасы іске қосылады

08.08.2025
1 мин
0
1076
Сурет: ortcom.kz

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алуға бағытталған отандық "ДосболLIKE" профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Бағдарлама қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Ол балалардың әл-ауқаты индексі қағидаттарына, отандық және халықаралық нормативтік актілерге, сондай-ақ буллингке қарсы үздік халықаралық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген.

Пилоттық жоба еліміздің 9 өңіріндегі 50 мектепте жүзеге асырылып, ең тиімді нәтижелер Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жамбыл облыстарында тіркелді. Мектептерде шағым → талдау → көмек жоспары → қадағалау үлгісі сәтті енгізілді.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова атап өткендей, мұғалімдер, ата-аналар және балалардың бірлескен әрекеті сенім мен сыйластық мәдениетін қалыптастырып, жанжал деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

Бағдарлама аясында мамандарды жаппай оқыту жүргізілуде: қазірдің өзінде 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру қызметкерлері даярланды. Жыл соңына дейін бұл сан 8 мыңнан асады деп жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл