452.59
507.67
5.48
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Freedom Bank ипотека арқылы пәтер алатындарға таңдау мүмкіндігін кеңейтті
Жаңалықтар

Freedom Bank ипотека арқылы пәтер алатындарға таңдау мүмкіндігін кеңейтті

19.10.2026
мин
0
310
Сурет: finratings.kz

Freedom Bank жинақтаушы ипотека бағдарламасын кеңейтіп, серіктес құрылыс компанияларының санын арттырды. Бұған дейін бағдарлама тек BI Group нысандарын қамтыса, қазір клиенттер 10-нан астам құрылыс компаниясы ұсынатын 60-тан астам тұрғын үй кешенінен баспана таңдай алады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Freedom Bank жинақтаушы ипотека бағдарламасына жаңа құрылыс салушыларды қосты. Олардың қатарында Sensata Group, AIVA GROUP, TUMAR GROUP, Meridian stroy ltd. және OKS Group бар. Аталған компаниялардың тұрғын үй нысандарын Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

Алдағы уақытта бағдарламаға Akan Building, Inju, Monolit Group, Otau Group, Sat-Ns, SauletAlem, SN, Stroi Group және Арт Құрылыс секілді компаниялар да қосылмақ. Банк серіктестер тізімін әрі қарай кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл клиенттерге тұрғын үйдің орналасқан жеріне, сыныбына, жоспарлануына және бюджетіне қарай таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қатысатын құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кешендерінің толық тізімі Freedom SuperApp қосымшасындағы «Цифрлық ипотека» бөлімінің «Жинақтаушы ипотека» санатында жарияланған.

Жинақтаушы ипотека қалай жұмыс істейді?

Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде клиент тұрғын үй құнының 30%-ын бастапқы жарна ретінде төлеп, ипотеканы рәсімдейді. Сонымен бірге қарызды өтеп, депозитте баспана құнының 50%-ына дейін қаражат жинақтайды. Белгіленген мерзім аяқталып, депозиттегі жинақ қажетті деңгейге жеткен кезде ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі төмендейді.

Бірінші кезеңдегі номиналды мөлшерлеме жылдық 10,5%-дан 14,5%-ға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 11,01%-дан 15,49%-ға дейін болады. Екінші кезеңде номиналды мөлшерлеме жылдық 10%-ға дейін төмендейді. Бұл кезеңдегі ЖТСМ 11,00%-дан 14,59%-ға дейінгі аралықты қамтиды.

Бастапқы жарна ретінде салынған қаражат Freedom Bank депозитінде жылдық 7% мөлшерлемемен сақталады. Депозитке есептелетін сыйақы жинақ көлемін арттыруға көмектеседі. Банктің мәліметінше, жинақтау мерзімі 96 ай болғанда клиентке пәтер құнының 30%-ын өз қаражатынан салу жеткілікті, ал қалған 20%-ы депозит бойынша есептелетін сыйақы есебінен қалыптасуы мүмкін.

Ипотеканың негізгі шарттары

Бағдарлама бойынша қарыздың ең төменгі сомасы – 6 млн теңге, ең жоғары сомасы – 100 млн теңге. Өтінім берген кезде қарыз алушы 21–55 жас аралығында болуы керек. Кредит мерзімі аяқталғанда оның жасы 70-тен аспауы тиіс.

Қарыз теңгемен беріледі. Клиент төлем кестесінің аннуитеттік немесе сараланған түрін таңдай алады. Қарызды қарастырғаны үшін комиссия алынбайды, ал төлем қабілеті скоринг жүйесі арқылы бағаланады. Сондай-ақ мүлікті сақтандыру талап етілмейді. Қарызды ішінара немесе мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл мен комиссия қарастырылмаған.

Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов серіктес құрылыс компанияларының қатарын кеңейту бағдарламаны өңірлерде де қолжетімді етуге бағытталғанын айтты.

- Құрылыс салушы серіктестер қатарын кеңейту — жинақтаушы ипотеканы дамытудағы жаңа қадам. Біз бұл өнімге сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз және оны ірі қалалардағы ғана емес, өңірлердегі клиенттер де пайдалана алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Банк клиентке қажетті соманы жинақтауға, содан кейін ипотеканы тиімдірек шарттармен алуға көмектеседі. Алдағы уақытта Қазақстанның түрлі қалаларында жаңа серіктестіктер орнатуды жоспарлап отырмыз, – деді Айдос Жұмағұлов.

Банк ипотека рәсімдемес бұрын шарттарды мұқият оқып, жеке қаржылық мүмкіндіктерді бағалауға кеңес береді. Төлемдерді кешіктіру өсімпұл есептелуіне және келісімде көзделген өзге де салдарға әкелуі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл