452.12
508.95
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жастар арасында «Заң қалада» құқықтық квестінің финалы өтті
Жаңалықтар

Алматыда жастар арасында «Заң қалада» құқықтық квестінің финалы өтті

16.10.2026
мин
0
166

Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталған «Заң қалада» құқықтық квестін өткізді. Жобаның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін дамыту, заң талаптарына құрметпен қарау дағдысын қалыптастыру және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға ықпал ету. Квест форматы қатысушыларға құқықтық нормаларды күнделікті өмірдегі нақты жағдайлар арқылы меңгеруге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараға Алматы қаласындағы 10 жетекші жоғары оқу орнынан 200 студент қатысты. Олардың қатарында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (МУИТ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Narxoz университеті және Satbayev University, Алматы технологиялық университеті, Қонаев университеті бар.

Квест «Мен заңды ұстанамын» флешмоб-акциясымен басталып, қатысушылардың командалық таныстырылымдарымен жалғасты. Бағдарлама аясында жастарға құқықтық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін бірқатар тапсырма ұсынылды.

Қатысушылар «Street Law», «Жаңа Конституция», «Цифрлық із», «Адал азамат» секілді тақырыптық станцияларда ситуациялық кейстерді шешіп, логикалық, командалық және цифрлық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындайды. Сынақтар әкімшілік және қылмыстық құқық, қоғамдық жауапкершілік, азаматтық тәртіп және цифрлық қауіпсіздік мәселелерін қамтыды.

Осыған дейінгі кезеңдерде квесттің бағыттары мен өткізу орындары қалалық қызметтермен бірлесіп әзірленді. Олардың қатарында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және басқа да бейінді құрылымдар бар. Бағдарламаға Жедел басқару орталығы, Арбат, Сайран көлі, сондай-ақ қаланың саябақтары мен аула алаңдары енгізілді. Соңғы кезең 28 гвардияшы-Панфиловшылар саябағында өтті. Финалдық кезеңге 10 команда және 300-ге жуық жастар қатысты.

Командалар соңғы кезеңді өте сәтті өтіп, барлық 10 тапсырманың барлығын мүдірмей орындап шықты. Қатысушы командаларға 10 номинация беріліп, әр командаға 100 000 теңге қаржылай сертификаттар табысталды. Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл