Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«1 шілдеден бастап 70% өседі»: Кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды
Жаңалықтар

«1 шілдеден бастап 70% өседі»: Кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

11.08.2023
1 мин
6
2641
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 581 Қаулысы қабылданды, деп хабарлайды  Dauletten.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес үстемеақылар мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің штаттық қызметкерлеріне, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығы су айдындарын балықтандыру жөніндегі өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына көзделген.

«Қаулының жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлеріне жоғарыда аталған үстемеақыларды белгілеу жөніндегі норма, қаулының ережелері штаттан тыс қызметкерлерге қолданылмайтындығына, олар азаматтық қызметшілер болып табылмайтындығына байланысты қолдау көрсетілмеді.

Осы мәселені шешу мақсатында министрлік орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілерімен кәсіптік одақтарының өкілдерімен бірлесіп, бюджет қаражатын үнемдеу және тауарларды өткізу есебінен штатқа кіретін әкімшілік қызметшілер мен табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс жұмыскерлері үшін жалақыны ұлғайту мүмкіндігін көздейтін Салалық келісім (Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелген) жасасты ( 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 70% - ға, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85% - ға және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 100%-ға)», - деп жазды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Қазіргі уақытта штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерді және табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерін үстемеақымен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен пысықталуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
6 Пікір
К
Кожабаева Айткул 12.08.2023
ТОО ДА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ.ХАЛЫҚТЫҢ 50%Ы ОСЫ ТОО ДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.АЛ ҮКІМЕТ БЮДЖЕТТІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРЕДІДЕ АЗЫҚ ТҮЛІК ПӘЛЕН ЕСЕГЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ.АЛ БІЗ СИЯҚТЫ ТОО ДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ СОЛ БОЙЫ ӨСПЕЙДІ.СОНДА БІЗ ҚАЙДА БАРЫП КҮН КӨРЕМІЗ. ОСЫНЫ ОЙЛАЙТЫН ҮКІМЕТ БАРМА ӨЗІ.ОНДА БАРЛЫҚ АДАМДЫ БЮДЖЕТКЕ ЖҰМЫСҚА АЛСЫН.БОЛМАСА ОСЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Жауап беру
К
Кожабаева Айткул 12.08.2023
ТОО ДА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ.ХАЛЫҚТЫҢ 50%Ы ОСЫ ТОО ДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.АЛ ҮКІМЕТ БЮДЖЕТТІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРЕДІДЕ АЗЫҚ ТҮЛІК ПӘЛЕН ЕСЕГЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ.АЛ БІЗ СИЯҚТЫ ТОО ДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ СОЛ БОЙЫ ӨСПЕЙДІ.СОНДА БІЗ ҚАЙДА БАРЫП КҮН КӨРЕМІЗ. ОСЫНЫ ОЙЛАЙТЫН ҮКІМЕТ БАРМА ӨЗІ.ОНДА БАРЛЫҚ АДАМДЫ БЮДЖЕТКЕ ЖҰМЫСҚА АЛСЫН.БОЛМАСА ОСЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Жауап беру
Л
Лаззат 12.08.2023
Тех персоналдын айлыгын кашан косады.Жумысымыз ауыр айлыгымыз аз.Лич пособие толенбейди.лич пособия толенсе екен.
Жауап беру
Б
Берек 11.08.2023
Даулет мырза мемлекеттік білім бөлімінің бухгалтерлер еңбекақысы қашан өседі,бул қаулыға кірема
Жауап беру
М
Майра 12.08.2023
Сол ғой бюджетте бухгалтерлерде еңбек ақысы мардымсыз. Қырғын отчет тапсырасың, айлығыңа тұрмайды
Жауап беру
Д
Динара 11.08.2023
Сәлеметсіз бе! Бухгалтердің жалақысын көтерема?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл