493.15
574.17
6.77
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 шілдеден бастап бірқатар мамандарға 70%-ға дейін үстемақы төленеді
Жаңалықтар

1 шілдеден бастап бірқатар мамандарға 70%-ға дейін үстемақы төленеді

02.06.2026
мин
0
103
Сурет: Ertenmedia

Шілдеден бастап инспекторлардың жалақысы өседі, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы инспекторлардың жалақысына қосымша үстемақы енгізіледі. Бұл шешім кадр тапшылығын азайтып, сала мамандарының қызығушылығын арттыруға бағытталған.

- 1 шілдеден бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларына 30%-дан 70%-ға дейін үстемақы белгіленді. Қабылданған шаралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрлық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде, – деді ТЖМ басшысы.

Ведомство мәліметінше, аталған шара өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрлық әлеуетті күшейтуге және мамандықтың беделін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл бастама саладағы маман тапшылығын төмендетуге ықпал етеді деп күтілуде.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында жаңа үстемақылар жүйесі жөнінде мәлімдеді.

Министрлік дерегіне сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларына төленетін қосымша ақы қызмет өтілі мен атқаратын міндеттеріне қарай 30%-дан 70%-ға дейін белгіленген.

Сонымен қатар ведомство болашақ мамандарды даярлау бағытында жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Бірқатар техникалық университеттермен оқу бағдарламасына «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» пәнін енгізу бойынша меморандумдар жасалған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл