| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 1 шілдеден бастап табиғи газдың бағасы шамамен 33 пайызға өседі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев хабарлады.
Энергетика вице-министрінің айтуынша, соңғы кезеңде газ өндіру көлемі азайғанымен, баға бұрын өзгеріссіз сақталған. Өндірістегі төмендеуге Теңіз кен орнындағы техникалық ақау әсер еткен.
Дегенмен, бұл жағдай халықты газбен қамтуға кедергі келтірмеген. Ұлттық оператор QazaqGaz тұтынушыларды қажетті көлемде транзиттік газ арқылы қамтамасыз етіп отырған.
Министрлік өкілдері бағаның өсуін алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен және тозған газ инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігімен түсіндіреді. Ведомствоның айтуынша, желілерді жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.