Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1-сыныпқа қабылдау үшін 250 мыңға жуық өтініші түсті
Жаңалықтар

1-сыныпқа қабылдау үшін 250 мыңға жуық өтініші түсті

15.06.2023
2 мин
0
730

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бүгінгі күні 1 сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70% - ға жуығы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

«Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізілуде. Ата-аналар белсенділік танытып жатыр. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп.Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр», – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Қазіргі уақытта бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

фото: tolkyn.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл