| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттардың айналым мерзімін тағы бір жылға ұзарту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін ескі үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттардың айналым мерзімі 2026 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда енді бұл мерзімді тағы бір жылға ұзарту көзделіп отыр.
Жаңа ұсынысқа сәйкес, аталған купюралар 2027 жылдың маусымына дейін айналымда қала беруі мүмкін. Бұл шешім халыққа ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі ақшаға ауыстыру үшін қосымша уақыт беру мақсатында қабылданбақ.
Осы уақыт аралығында ескі 10 мың теңгелік банкноттар заңды төлем құралы ретінде қабылдана береді. Ал белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін оларды банк бөлімшелерінде айырбастауға мүмкіндік болады.