467.98
533.87
6.11
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақылауға алынады
Жаңалықтар

10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақылауға алынады

08.07.2026
мин
0
164

10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақыланады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ 10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген ақылы учаскелерінде көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылауды енгізеді. Бұл шара жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жылдамдық режимін бұзудың алдын алуға және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Орташа жылдамдықты бақылау екі бағытта келесі учаскелерде қолданылады:

— Ақтөбе – Қандыағаш;
— Алматы – Қорғас;
— Көкшетау – Петропавл;
— Астана – Теміртау, Аршалы – Ошағанды учаскесі.

Жүйені енгізудегі басты мақсат – жазалау емес, жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу. Тәжірибе көрсеткендей, жылдамдықты шамадан тыс арттыру ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелетін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі камера алдындағы бір реттік жылдамдықты ғана емес, жүргізушінің бүкіл жол учаскесіндегі нақты қозғалыс мәнерін анықтауға мүмкіндік береді.

Яғни жүйе көлік құралының белгілі бір аралықты қандай жылдамдықпен жүріп өткенін есептейді. Мұндай тәсіл жүргізушінің тек камераның алдында ғана жылдамдықты азайтып, кейін қайтадан қауіпті деңгейге дейін үдетуіне жол бермейді.

Жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркеу республикалық автожолдардағы апаттылықты төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары аясында енгізілуде. Қозғалыс қарқындылығы жоғары ақылы учаскелерге ерекше назар аударылады. Себебі мұндай жолдарда жылдамдық режимін сақтау барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ жүргізушілерді сапарды алдын ала жоспарлауға, «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» жол белгілерінің талаптарын сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін асырмауға шақырады.

Қауіпсіз жол сапалы жабыннан ғана басталмайды. Ол рөлдегі жауапкершіліктен басталады. Бірнеше минут үнемдеу адам өміріне татымайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл