454.98
509.53
5.37
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде қылмыс деңгейі төмендеді: Ержан Сәденов Тоқаевқа елдегі ахуалды баяндады
Жаңалықтар

Елімізде қылмыс деңгейі төмендеді: Ержан Сәденов Тоқаевқа елдегі ахуалды баяндады

05.10.2026
мин
0
146
Сурет: Ақорда

Қазақстанда жыл басынан бері қылмыс саны 11 мыңнан астам дерекке азайған. Құқық бұзушылықтың төмендегені туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Кездесуде елдегі криминогендік жағдай мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Министрдің мәліметінше, биылғы тоғыз айдың қорытындысында Қазақстандағы қылмыс деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға төмендеген. Жалпы қылмыс саны 11 мыңнан астам жағдайға қысқарған.

Сонымен бірге аса ауыр қылмыстардың, қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтардың саны азайған. Отбасылық-тұрмыстық салада, кәмелетке толмағандар және бұрын сотталған адамдар арасында жасалған құқық бұзушылықтар да төмендеген.

Полицияның криминалистикалық мүмкіндіктері де кеңейіп келеді. Заманауи технологиялар, соның ішінде ДНҚ сараптамасы бірнеше жыл бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтауға мүмкіндік берген. Соңғы жылдары 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылған.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы да артып отыр. Жыл басынан бері тұрғындар, волонтерлер мен қоғамдық көмекшілер ұсынған ақпарат негізінде 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 357 қылмыс ашылған.

Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде іздеуде жүрген 1039 адам анықталған. Шетелде жасырынған 154 адам ұсталып, басқа мемлекеттердің сұрауы бойынша Қазақстан аумағында тағы 537 қылмыскер қолға түскен.

Қылмыстық істер бойынша келтірілген залалды өтеу бағытында да жұмыс жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігі тергеп жатқан істер аясында жыл басынан бері 49 миллиард теңге қайтарылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5 пайызға көп.

Интернет-алаяқтыққа қарсы күресте де бірқатар нәтиже бар. Алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылған. Мұндай қылмыстардың саны 21 пайызға азайған.

Құқық қорғау органдары 8,7 мың алаяқтық және фишингтік сайтты бұғаттаған. Бұдан бөлек, 187 миллион алаяқтық қоңыраудың жолы кесілген.

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту үшін цифрлық технологиялар да кеңінен қолданылып жатыр. Бейнебақылау жүйелері арқылы 2,2 мыңнан астам адам анықталып, ұсталған.

Цифрлық шешімдер жол қауіпсіздігі саласында да қолданылуда. Жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 5 пайызға азайған. Жол апаттарынан қаза тапқандар 16 пайызға, жарақат алғандар 7 пайызға төмендеген.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл