Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
11 тамыздан бастап ЭЦҚ тек онлайн беріледі
Жаңалықтар

11 тамыздан бастап ЭЦҚ тек онлайн беріледі

06.08.2025
1 мин
0
367
Сурет: kaz.zakon.kz

Қазақстанда 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгерді. Енді бұл қызмет тек онлайн форматта қолжетімді болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін ЭЦҚ-ны eGov.kz порталы арқылы да, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) да рәсімдеуге мүмкіндік болған. Енді бұл мүмкіндік толығымен онлайн жүйеге көшірілді.

ЭЦҚ-ны онлайн алу жолы:

•    egov.kz немесе pki.gov.kz сайтына кіріңіз;

•    Онлайн өтінім жіберіңіз;

•  Камера арқылы бет-әлпетіңізді тану жүйесі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз.

Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, жүйе адамды тани алмаған жағдайда 5 ретке дейін тексеруден өтуге мүмкіндік беріледі. Егер барлық әрекет сәтсіз аяқталса, онда ғана азамат ХҚКО-ға бара алады.

Сондай-ақ ХҚКО-лардың өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриялық сәйкестендіруден өтуге жағдай жасалған.

Жыл басынан бері елімізде 14,9 миллионнан астам ЭЦҚ берілген. Оның 92%-дан астамы онлайн рәсімделген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл