Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
11 жасар футбол жанкүйері матчтан соң трибунадағы қоқыстарды тазалаған
Жаңалықтар

11 жасар футбол жанкүйері матчтан соң трибунадағы қоқыстарды тазалаған

08.08.2023
2 мин
0
264
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Ақжайық» футбол клубының ойынынан кейін достарымен бірге стадиондағы қоқысты жинаған Орал қаласының 11 жастағы оқушысына алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Әлиханның видеороликтегі үлгі боларлық іс-әрекетіне алғыс білдіріп, оған және оның достарына кітаптар, естелік сыйлықтар, сондай-ақ Катарда өткен әлем чемпионатының футбол добын сыйлады.

«Мен сенің іс-әрекетіңе және стадиондағы тазалыққа үлкен жауапкершілік танытқаныңа ерекше риза болдым. Футболдың дамуы - жанкүйерлердің мәдениетіне де тікелей байланысты. Сондықтан сенің іс-әрекетің отандық футбол жанкүйерлері үшін өте маңызды.

Қазіргі таңда  әртүрлі әдебиетті оқу өте маңызды. Сондықтан саған  біршама кітап  пен басқа да сыйлықтар жіберемін. Бұл сенің футболға деген қызығушылығыңды арттырады және пайдалы іс-әрекеттерге ынталандырады деп үміттенемін.

Құрметпен, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов», - деді Мәдениет және спорт министрі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл