| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Ақтаулық шахматшы Эдгар Мамедов 14 жасында Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер болып, жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Эдгардың үш гроссмейстерлік нормасы бар, ал FIDE рейтингі 2492 ұпайға жетті. Яғни оған қажетті 2500 межеге небәрі 8 ұпай ғана жетіспеген.
2025 жылғы Sharjah Masters International Chess Championship 2025 – A супертурнирінің алғашқы екі турын сенімді аяқтап, ол жетпей тұрған ұпайларын толық жинап, халықаралық гроссмейстер атағын ресми түрде иеленді.
Осылайша, Эдгар Мамедов – Қазақстанда GM (халықаралық гроссмейстер) мәртебесін 14 жасында алған тұңғыш шахматшы және Маңғыстау облысынан шыққан алғашқы гроссмейстер атанды.