Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
20 млн теңге шығын: Қарағанды облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар

20 млн теңге шығын: Қарағанды облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

22.02.2026
мин
0
145
Сурет: видеодан скриншот

Қарағанды облысында пәтер ұрыларынан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұстады.

Анықталғандай, олар алдын ала сөз байласып, қылмыстарды нақты жоспарланған схема бойынша жасаған.

Жыл басында күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені күшпен бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр.

Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл