| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысында мал шығыны тіркеліп, жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Батыс Қазақстан облысында 200-ден астам мал қырылу дерегі тіркелді. Оқиға Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала және Казталов аудандарында байқалуда.
Мамандардың айтуынша, малдың қырылу себептері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оны бір ғана жұқпалы аурумен байланыстыруға әлі ерте. Қазіргі уақытта зертханалық сынамалар алынып, олардың қорытындысы күтілуде.
Өңірде ветеринар мамандар фермерлермен бірге аурудың таралуын тоқтату және малды емдеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.
Жағдай бақылауда, тиісті органдар қосымша тексерістерді жалғастыруда.