Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік төлемдер өседі
Жаңалықтар

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік төлемдер өседі

22.06.2023
3 мин
4
6768
фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5%-ға арттырылады, деп хабарлайды Dauletten.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

 Бұдан басқа, 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеген наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылмақ.

Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы мүгедектігі бар адамдарды қолдау шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлерінің мөлшерін орта есеппен 14,5% - ға арттыру көзделген:

мүгедектік бойынша;                             

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша;

арнайы әлеуметтік жәрдемақылар;

мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша ақы алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

Байқоңыр қаласында тұратын және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

саяси қуғын-сүргін құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

- Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы.

Осылайша, жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерін 2022 жылмен салыстырғанда 23% - ға ұлғайту қамтамасыз етіледі (осы жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% - ға өсуді ескере отырып). Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 37 млрд теңге бөлінді.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақыларды 14,5% - ға арттыру көзделген:

- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға;

- мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға).

Бүгінгі таңда бұл жәрдемақылардың мөлшері 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе 2023 жылы 56 794 теңгені құрайды. Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезде жәрдемақы мөлшері 2023 жылы 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейіне немесе 65 313 теңгеге дейін артады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 6,4 млрд теңге бөлінді.

Әлеуметтік кодексте сондай-ақ «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді.

Егер бүгінде 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алса, енді 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап «Алтын алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградтталған, яғни 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылады.

Сонымен қатар, осы жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша  әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 14,5% - ға арттыру жүргізілетін болады.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің шешімімен олардың мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылды.

Жоғарыда көрсетілген жәрдемақылардың мөлшерін арттыру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүргізілетін болады, осыған байланысты алушылардың уәкілетті органдарға қосымша өтініші талап етілмейді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
А
Альжавай Советхан 29.07.2023
Зейнетақы артпады ғой
Жауап беру
D
DR UMAR 23.06.2023
Сіз бүйрек сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржы дағдарысына байланысты бүйрегіңізді қолма-қол ақшаға сату мүмкіндігін іздеп, не істеріңізді білмейсіз бе? Бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегі үшін жақсы $400 000 ұсынамыз Бүйрегіңізге жақсы ақша сомасын ұсынамыз. Менің атым дәрігер УМАР Мен UMAR клиникасының нефрологымын. Біздің клиника бүйрек хирургиясы бойынша мамандандырылған және біз де емдейміз Бүйректерді сатып алу және трансплантациялау Сәйкес донор. , Электрондық пошта: doctorumarclinic@gmail.com WhatsApp: +31 684911709 Telegram:+31 684911709 Viber: +31 684911709 Біз Үндістанда, Түркияда, Францияда, Нигерияда, Америка Құрама Штаттарында, Малайзияда, Дубайда, Кувейтте орналасқанбыз. мұқият Доктор УМАР
Жауап беру
Д
Дина 02.07.2023
Мен сатамын қарызға басынып кеттім жағдйаым жоқ баспанам жоқ 3 балам бар
Жауап беру
Б
Бауржан 22.06.2023
Сонда 5 баласы бар ана ше ?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл