Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің ресми мәліметінше, бұл бастама мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған.
Қаулы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген. Онда халықаралық жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылар мен олардың бапкерлеріне мемлекет тарапынан сыйақы төлеу қарастырылған.
Министрлік өкілдері сыйақының көлемі мен төлеу тәртібі бұрын бекітілген нормаларға сай жүргізілетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтті. Қазақстандық спортшылар бұл додада 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ал Паралимпиадашылар 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншіледі.