Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс аясында бакалавриат деңгейіне 77 мыңнан астам грант бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Конкурсқа қатысу үшін 112 873 өтініш қабылданып, оның нәтижесінде мемлекеттік тапсырыстың 99%-ы игерілді.
"Серпін" бағдарламасы бойынша 2 412 грант бөлініп, оның 83%-ы игерілді. Батыс өңір жастарына арналған мақсатты гранттар толық (100%) пайдаланылды. Сондай-ақ елде ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 2 365 грант берілді.
2025 жылы сараланған гранттар саны 300 болды.
Гранттар ел экономикасының кадрлық қажеттіліктерін ескере отырып бөлінді. Ең көп гранттар мына бағыттарға берілді:
• Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 18 846
• Педагогикалық ғылымдар – 13 226
•Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 11 615
• Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188
• Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 379
• Қызмет көрсету саласы – 2 200
• Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 915
• Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 485
• Бизнес, басқару және құқық – 1 423
• Ветеринария – 1 275 грант.