Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 56,5 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 56,5 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

10.02.2026
мин
0
112
Сурет: gov.kz

2026 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 56,5 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаңтар айында көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға жалпы 56,5 млрд теңге көлемінде төлемдер жасалды. Бұл қолдауға 875,2 мың отбасы қамтылды: көпбалалы отбасыларға – 627,4 мың отбасы, наградталған аналарға – 247,8 мың адам.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы балалар санына қарай өзгереді. Мысалы, 4 балаға – 69 330 теңге, 5 балаға – 86 673 теңге, 6 балаға – 104 017 теңге, 7 балаға – 121 360 теңге, ал 8 және одан көп балаға – әр балаға 17 300 теңге төленеді.

Наградталған аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері немесе «Батыр Ана», «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар) ай сайынғы жәрдемақы 27 680 – 32 005 теңге аралығында төленеді.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақылардың 10%-ға өсуі отбасылар мен марапатталған аналарға қосымша қолдау көрсетіп, олардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл