Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығыстары 15,1%-ға өсті
Жаңалықтар

2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығыстары 15,1%-ға өсті

06.01.2026
мин
0
208
Сурет: ru.pngtree.com

2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығыстары 15,1%-ға өсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жалпы, 2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттің шығыстары 6 трлн 833 млрд теңге мөлшерінде қарастырылған, бұл 2025 жылғы шығыстардан 15,1%-ға немесе 897,7 млрд теңгеге артық. Әлеуметтік-еңбек саласына жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-ге қатысты 3,7%, ал республикалық бюджетке - 24,6% құрайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Көзделген шығыстардың 99,3% немесе 6 трлн 783 млрд азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталады. Оның ішінде 4 трлн 890 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл 2,6 млн зейнеткерді қамтуға, 1 трлн 893 млрд теңге – барлық жәрдемақыларды төлеуге мүмкіндік береді, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Қалған қаражат мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсету, есту қабілеті бұзылған балаларға есту-сөйлеуді оңалту, оңалту орталықтарын салу, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге және т. б. бағытталады.

Бүгінгі күні республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2025 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,6 млн адамға 5 трлн 858 млрд теңге жіберілді, оның ішінде 2,5 млн-ға жуық зейнеткерлер мен 2,1 млн-нан астам мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл