470.28
537.53
5.99
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2027 жылдан бастап зейнетақы жинақтарына инфляциялық өтемақы төленбейді
Жаңалықтар

2027 жылдан бастап зейнетақы жинақтарына инфляциялық өтемақы төленбейді

20.07.2026
мин
0
315
Сурет: BAQ.kz

2027 жылдан бастап Қазақстанның зейнетақы жүйесінде жаңа тәртіп күшіне енеді. Мемлекет енді инфляциядан болған айырмашылықты бұрынғыдай өтемейді, ал салымшыларға қаражатын басқаруда көбірек таңдау беріледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек министрлігі, Ұлттық банк және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесін реформалау жөніндегі жаңа тетіктерді таныстырды.

Реформадағы ең елеулі өзгеріс – 2027 жылдан бастап мемлекет зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы инфляциядан төмен болған жағдайда төленетін бір реттік өтемақыдан бас тартады. Алайда азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарының нақты салынған сомасына берілетін мемлекеттік кепілдік сақталады.

Тағы бір маңызды жаңалық – 2026 жылдың қыркүйегінен бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жеке инвестициялық басқарушы компанияларға бере алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік жинақтың тек жартысына ғана қатысты болған.

Алайда бұл шешімнің екінші жағы да бар. Егер азамат қаражатын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсырса, инвестициялық тәуекелге де өзі жауап береді. Мұндай жағдайда мемлекет инфляциядан келген айырмашылықты өтемейді. Яғни жоғары табысқа ұмтылған адам жоғары тәуекелді де қабылдайды.

Ал жинағын Ұлттық банктің басқаруында қалдырған азаматтар үшін жаңа талап енгізіледі. Реттеуші орган зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен кемінде 1 пайызға жоғары болуын қамтамасыз етуге міндеттеледі.

Бұл өзгерістердің астарында мемлекет зейнетақы жүйесін нарықтық қағидаларға біртіндеп жақындатуға тырысып отырғаны байқалады. Бұрын инвестициялық тәуекелдің едәуір бөлігін мемлекет өз мойнына алса, енді бұл жауапкершіліктің бір бөлігі азаматтың таңдауына байланысты болады. Сарапшылар мұндай қадам салымшыларды өз қаржысын басқаруға саналырақ қарауға итермелеуі мүмкін екенін айтады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, реформаның негізгі мақсаты – зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, қазақстандықтарға өмір бойы тұрақты зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл