451.05
504.95
5.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2027 жылдан бастап жеке сот орындаушылары 3 жыл сайын аттестациядан өтеді — Олжас Бектенов
Жаңалықтар

2027 жылдан бастап жеке сот орындаушылары 3 жыл сайын аттестациядан өтеді — Олжас Бектенов

27.10.2026
мин
0
38
Сурет: El.kz

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының (ЖСО) заң бұзушылықтарын робот-система өздігінен анықтайтын болады. Үкімет заң орындаушылардың қызметін цифрлық форматта қатаң бақылауға көшіріп жатыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда атқарушылық іс жүргізу жүйесіне үлкен реформа жасалуда. Енді жеке сот орындаушыларының әрбір қадамы цифрлық бақылауда болып, заң бұзғандар бірден жүйе арқылы әшкереленеді. Мұны Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министр Олжас Бектенов хабарлады.

Заң бұзған сот орындаушыны «автомат» ұстайды

Бүгінгі таңда ЖСО қызметі Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланып келеді. Ал алдағы уақытта іске қосылатын проактивті бақылау тетігі адам факторынсыз-ақ заң бұзу белгілерін өзі анықтап, оны жоюды талап етеді. Сондай-ақ жүйе тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралардың бірыңғай базасын қалыптастырмақ.

Егер де аумақтық әділет органдары анықталған заң бұзушылық бойынша берген нұсқаманы ЖСО уақытылы орындамаса, оның лицензиясы тоқтатылуы немесе мүлдем қайтарып алынуы мүмкін.

2027 жылдан бастап қатаң аттестация заңы күшіне енеді

Сот орындаушыларының біліктілігін арттыру мақсатында жаңа талап енгізілуде:

 Үш жылда 1 рет міндетті аттестациядан өту;

 Мамандардың заңнамалық базаны білуі мен оны тәжірибеде қолдану қабілеті сыналады;

 Емтиханнан өте алмау немесе дәлелсіз себеппен келмей қалу — лицензиядан айыруға тікелей негіз.

Алимент төлемегендерге қатысты жаза қайта қаралады

Бұған дейін Депутат Лариса Ли Премьер-Министрдің атына сауал жолдап, алимент ала алмай отырған отбасыларға мемлекет тарапынан арнайы көмек көрсетуді ұсынған еді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл мәселеге қатысты ұстанымын білдірді. Оның айтуынша, алиментшіні темір торға жабу — мәселенің шешімі емес.

- Бостандығынан айырылған азамат жұмыс істеп, табыс таба алмайды. Бұл өз кезегінде қарыздың өтелу мүмкіндігін тіпті азайтады, — деді Үкімет басшысы.

Осыған байланысты үкімет алимент төлемейтіндерге жазаны қатаңдату тетіктерін қайта зерттемек. Басты мақсат — жазалау емес, алименттің уақытылы төленуін қамтамасыз ететін тиімді амалдар табу.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл