450.69
505.04
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
eGov-та отбасының әл-ауқатын анықтайтын калькулятор жұмысында ақау шықты
Жаңалықтар

eGov-та отбасының әл-ауқатын анықтайтын калькулятор жұмысында ақау шықты

20.10.2026
мин
2
326
Сурет: zakon.kz

eGov Mobile қосымшасында жаңадан қосылған отбасының әл-ауқатын бағалау сервисі іске қосыла салысымен қолданушылар арасында наразылық тудырды. Азаматтардың бір бөлігі жүйеге кіре алмай әуреге түссе, енді бірі калькулятор ұсынған есептеу нәтижелеріне көңілдері толмайтынын айтып шағымдануда, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

18 қазанда елдегі eGov Mobile платформасында отбасының әл-ауқатын анықтауға арналған арнайы калькулятор ресми түрде іске қосылған болатын. Бұл цифрлық құрал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін әлеуметтік реформа аясында әзірленді. Жаңа жүйе мемлекеттік көмекті жалпылама емес, тек шынайы мұқтаж отбасыларға бағыттап үлестіруді көздейді.

Дегенмен, келесі күні-ақ әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан шағымдар көбейді. Қолданушылардың айтуынша, сервис барлығына бірдей қолжетімді емес. Желідегі пікірлерге сүйенсек, бұл жүйеге қазіргі уақытта тек әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алып отырған азаматтар ғана кіре алатын сияқты.

Сервисті пайдаланып үлгерген азаматтар да нәтижеге көңілдері толмайтынын жазуда. Жүйе есептеуі бойынша, көптеген отбасылар "орта тап" санатына автоматты түрде өтіп кеткен. Осыған байланысты желіде бұл рейтинг азаматтарды болашақта мемлекеттік жәрдемақыдан қағажу ету үшін жасалып жатқаны туралы болжамдар тарай бастады.

Туындаған түсініспеушілікке байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша:

 Калькулятордағы нәтиже тек азаматтың өзі енгізген деректері негізінде есептеледі;

 Бүгінгі таңда бұл көрсеткіштер тек ақпараттық-таныстыру сипатына ие;

 Қазіргі есептеулер жәрдемақы тағайындауға немесе оны тоқтатуға шешім қабылдайтын заңды негіз болып табылмайды.

Жаңа жүйенің жұмысын көрсету үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев сервисті өз отбасының деректерімен сынап көрген еді. Есептеу қорытындысы бойынша вице-министрдің отбасы "В" санатына жатқызылды.

Еске салсақ, 2027 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету механизмі түбегейлі өзгереді. Жаңа ереже бойынша жәрдемақы тағайындау кезде отбасының тек айлық табысы емес, иелігіндегі баспанасы, автокөлігі және өзге де мүліктері кешенді түрде ескерілетін болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
У
Улбосын 20.10.2026
Егер мүлік несиеге алынған болса? Ол кепілдікте тұрса, демек несие толығымен төленбеген болса бұл ашпаратты енгізетін бөлім көрмедім
Жауап беру
З
Зауреш 20.10.2026
Студен ұлымды жұмысшы деп белгіледім өйткені студент деген сөз шықпайды тек сандар ғана шығып тұр
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл