472.34
541.25
6.01
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
22 млрд теңгеден астам айыппұл кешірілді: рақымшылықтың нәтижесі белгілі болды
Жаңалықтар

22 млрд теңгеден астам айыппұл кешірілді: рақымшылықтың нәтижесі белгілі болды

16.07.2026
мин
0
195
Сурет: Жоғарғы Сот

ІІМ амнистия туралы заңның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

1 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы Заңға қол қойды. Бұл – адамгершілік пен ізгілікті негізге алған маңызды шешім.

Сонымен қатар амнистия қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмейтін жағдайларда ғана қолданылады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Оның аясында заңда көрсетілген баптар бойынша азаматтар әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды. Ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылды. Нәтижесінде оларға қатысты 1,3 миллионнан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.

— Амнистия – бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заң талаптарын сақтауға, өзгелердің құқықтарын құрметтеуге шақырады. Құқық бұзушылық жасамау – жауапкершіліктен сақтанудың ең дұрыс жолы. Ал “Заң және тәртіп” қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның басты негізі, — деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл