475.38
547.73
5.93
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
23 мыңнан астам су нысанының дерегі ұлттық ақпараттық жүйеге енгізілді
Жаңалықтар

23 мыңнан астам су нысанының дерегі ұлттық ақпараттық жүйеге енгізілді

03.08.2026
мин
0
108

Қазақстанда су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты сулары және саланың басқа да бағыттары бойынша деректерді біріктіретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жүйенің негізгі мақсаты – су ресурстарын басқару саласында шешім қабылдауға қажетті бірыңғай, сенімді және өзекті деректер қорын қалыптастыру.

Қазіргі уақытта жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылып, жүйелендірілген. Оның ішінде:

  • 17 748 өзен;
  • 3 148 көл;
  • 1 109 гидротехникалық құрылыс тіркелген.

Сонымен қатар СРҰАЖ-да 3 мыңға жуық ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жүйеге су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілді.

Жүйе арқылы суды бастапқы есепке алу бойынша 2,2 мыңнан астам есеп, сондай-ақ 2-ТП нысаны бойынша 1,3 мыңнан астам есеп қабылданған.

СРҰАЖ-ның функционалдық мүмкіндіктеріне су балансын жүргізу, су пайдалануды есепке алу және талдау, су қоймаларының жай-күйін мониторингілеу, трансшекаралық су нысандары бойынша деректермен жұмыс істеу, сондай-ақ ғарыштық мониторинг технологияларын пайдалану кіреді.

«Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулланың айтуынша, қазіргі уақытта Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің соңғы дайындық кезеңінде тұр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл