Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау техникалық колледжінде жүргізілген тексеріс нәтижесінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу барысында колледждің бас есепшісі іс-сапар, шәкіртақы және салық төлемдеріне арналған 243 млн теңге көлеміндегі қаражатты өз жеке шотына заңсыз аударып отырғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары арнайы прокурорлармен жүргізілді.
2025 жылғы 9 шілдеде Маңғыстау аудандық сотының үкімімен бас бухгалтер кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 10 жылға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.