Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы ойындарға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де (Алматы уақытымен) клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасы арқылы сатылымға шығады.
Бір жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) екі билеттен артық рәсімделмейді. ЖСН деректері сатып алу кезінде де, стадионға кірер кезде де қатаң тексеріледі.
Билеттердің бағасы УЕФА-мен келісіліп, барлық өз алаңындағы ойындарға бірыңғай болып бекітілді:
• 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін.
Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын өткізудің халықаралық тәжірибесіне толық сәйкес келеді.