| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Заңсыз алынған актив есебінен 32 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл аптада "Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заңның аясында мемлекетке 32 миллиард теңге қайтарылды. Оның 26 миллиард теңгесі арнайы мемлекеттік қорға аударылса, тағы 6 миллиард теңге Алматыдағы бизнес орталығын сатудан түскен қаржыдан бөлінді.
Қайтарылған активтер елдің әлеуметтік-экономикалық жобаларына жұмсалатын болады.
Осылайша қазіргі уақытта мемлекеттік қорға жинақталған қаражаттың жалпы көлемі 220 миллиард теңгеден асып отыр.