Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
34 мыңнан астам қазақстандық банкроттыққа өтініш берді
Жаңалықтар

34 мыңнан астам қазақстандық банкроттыққа өтініш берді

31.03.2023
1 мин
5
1439

Бүгін 31 наурыздағы жағдай бойынша банкроттыққа 34 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

3 наурыздан басталған өтініш білдіруге eGov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы 94% және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы 6% өтініш түскен түскен.  

Вице-министрдің айтуынша, «Қазақстан азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде салық органдары азаматтың төмендегі талаптарға сәйкестігін тексереді:

- банк, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарызы 5,5 млн теңгеден аспауы керек (1600 АЕК);

- қарыздың өтелмегеніне 12 айдан асуы керек;

- ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүлік болмауы керек (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);

- банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыш бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.

Ержан Біртановтың мәлімдеуінше, тексеру мемлекеттік органдар, банктер мен кредиттік бюроның электрондық базаларымен есеп айырысу арқылы «Qoldau» жеке тұлғалардың банкроттығы ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жасалады.

Фото: ult.kz

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
А
Айя 01.04.2023
Мен отиниш берген едим бирак ешкандай заявление тиркемедим только кредитная история тиркелген каншама кредитим тур Ол калай болады екен? Отказ келуи мумкин ба АСП аламын 6айдан асты. Толенбеген суммам 5млн га жетпид
Жауап беру
Б
Бану 01.04.2023
Менің атымда басқа адамның машинасы бар. Ол залогта. И 2жылдық налогы мойныма дым ұялмай мінгізіп қойып жүр. Счеттарым арестте. Адамға жақсылық жасасаң осы. Мен енді оны банкроттыққа бере алам ба? 2эылдан асыпты есептесем
Жауап беру
Г
Гулсезим 31.03.2023
Отказ келсе тағы өтиним тастауға болама?
Жауап беру
Р
Роза 31.03.2023
Кредитті кредит алып төлеп кіріп кеттік. Халықтың біршама кредитін жауып берсеғой.
Жауап беру
А
Айгерим Садыханова 31.03.2023
Барлығы жалған ақпарат. Сәл толемесең барлығын құлттап қойады.Бізде соншама халық сонда жұмыссыз ба?Шоттың бәрін құлттап қара жұмыс істеп жүргені ма .Өзді өзі бөліп жеу ғой. АЗИЯ НЕСИЕ ҚОРЫ МФО үйге келіп ұрсып кетеді. 1 айдан бері төлей алмай жүр едім
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл