| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында дәрілік заттардың бағасы төмендейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрліктің айтуынша, елімізде дәрілерге баға белгілеудің жаңа тетігі енгізілген.
2026 жылға арналған сатып алулар толықтай жаңартылған жүйе бойынша жүзеге асырылып, енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесі бойынша бағалар айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде 36 млрд теңге үнемделіп, сатып алулардың экономикалық тиімділігі артты.
Белгілі бір жоғары шығынды дәрілік заттардың бағасы 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді. Мысалы:
Иматиниб – қатерлі ісікке (мысалы, миелоидты лейкоз, гастроинтестинальды стромалық ісік) арналған дәрі. Бұрын 9 450 теңге болса, қазір 2 348 теңге болды.
Бевацизумаб – қатерлі ісіктерді емдеуге арналған моноклоналды антидене препараты. Бұрын 360 597 теңге болса, қазір 77 390 теңге.
Бұл шаралар дәрі-дәрмекке қолжетімділікті арттыруға және халыққа қолайлы бағамен сапалы препараттар ұсынуға бағытталған.
