Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңге төлеуге негіз жоқ деп есептейді.
Оның айтуынша, қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға келмейді. Әрине, шектеу бар. Десек те, олар белгілі бір уақыт пен демалыс күндеріне ғана қатысты. Барлық нысандар Ashyq арқылы жұмыс істей алады.
«Бизнес саласына келетін болсақ, әрине, демалыс күндері көптеген нысандар жұмыс істемегендіктен шығын болуы мүмкін. Бірақ бұл толық төтенше жағдай немесе локдаун емес. Сол себепті 42 500 теңге әлеуметтік төлемді беруге негіз жоқ», - деді Абылай Мырзахметов.
Ол қоғамдық тамақтану орындарына қойылған шектеуді қатаң деп айтуға болмайтындығын атап өтті. Бизнес саласында нысандар 5 жұмыс күнінде жұмыс істеуді жалғастырады.
«Елімізде бір аптадан кейін Ashyq жобасын пайдаланатын мекемелердің жағдайы жақсарады. Егер Ashyq жүйесі арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлер болса, түн ортасына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік болады», - деді ол.
Сонымен қатар ол бір аптадан кейін жағдайды талдап, Ashyq жетекшілеріне демалыс күндері де жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
Тағы көру