477.48
555.83
6.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
490 млн теңге: жалған құжатпен тендер ұтқан топтың ісі сотқа жетті
Жаңалықтар

490 млн теңге: жалған құжатпен тендер ұтқан топтың ісі сотқа жетті

26.05.2026
мин
0
93
Сурет: OpenNews

Алматыда құрылыс саласындағы жалған жұмыс тәжірибесін пайдаланып, мемлекеттік тендерлерге қатысқан топтың ісі сотқа жолданды. Тергеу мәліметінше, заңсыз схемадан түскен табыс 490 млн теңгеден асқан, — деп хабарлайды Dauletten.kz.


Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда мемлекеттік сатып алу саласына қатысты ірі заңсыз схеманың жолы кесілгенін хабарлады. Ведомство дерегіне сәйкес, «КазСтройОпыт LTD» ЖШС басшысы құрылыс саласындағы жалған тәжірибе құжаттарын әзірлеп, компанияларға тендерлерге қатысуға мүмкіндік беріп отырған.

Тергеу барысында «Электрондық депозитарий» жүйесіне жалған орындалған жұмыс актілері енгізілгені анықталған. Осы құжаттардың негізінде 56 компания мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысқан.

ҚМА мәліметінше, аталған схема арқылы алынған қылмыстық табыс көлемі 490 миллион теңгеден асқан.

Сондай-ақ іске делдалдардың да қатысы болғаны белгілі болды. Олар Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқарма қызметкерлерімен байланыс орнатқан.

Тергеу нұсқасы бойынша қылмыстық топ құрамында 11 адам болған. Қазіргі уақытта үш күдікті қамауға алынса, тағы сегіз адамға қатысты шектеу шаралары қабылданған. Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл