Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
514 мыңнан астам адам Атаулы әлеуметтік көмек алды
Жаңалықтар

514 мыңнан астам адам Атаулы әлеуметтік көмек алды

19.06.2023
1 мин
1
1340

514 мыңнан астам адам 1 маусымға дейін атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл 98 мың отбасындағы 514,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1-6 жастағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (5175 теңге) қосымша төлем түріне ауыстырылды.

1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,2 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
1 Пікір
А
Айдана 19.06.2023
Заявка бердік әлі хабар келмеді ғой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл