Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
52% мұғалім шекті деңгейден өте алмады: министр алқа мәжілісінде педагогтардың біліктілігін сынға алды
Жаңалықтар

52% мұғалім шекті деңгейден өте алмады: министр алқа мәжілісінде педагогтардың біліктілігін сынға алды

11.02.2026
мин
1
351
Сурет: BAQ.kz

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова облыстық білім басқармаларының басшыларымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде өңірлердегі білім сапасының төмендігі мен педагогтар мен мектеп директорлары жетіспейтін мәселелерді ашық сынға алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Жұлдыз Сүлейменова өңірлердегі білім сапасының көрсеткіштерін сараптап, кейбір облыстардың артта қалғанын атап өтті.

- Бізге қағаз жүзіндегі есеп емес, оқушының шынайы жетістігі қажет. Кейбір менеджерлер тек жобалардың санын қуалап, білім сапасын екінші орынға қойып отыр, – деді министр.

Мәжіліс барысында мектептердегі сапаға әсер ететін негізгі мәселелер талқыланды: сала менеджерлерінің және білікті кадрлардың жетіспеушілігі, директорлыққа үміткерлердің аз өтуі, педагогтердің кәсіби бағалау нәтижелерінің төмендігі. Қазіргі таңда ел аумағында 490 мектеп директоры лауазымы бос тұр, әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында.

Педагогтардың білімін бағалау нәтижесінде мұғалімдердің 52,62 %-ы шекті деңгейден өте алмаған, әсіресе Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында көрсеткіш төмен. Министр бұл мәселені шешу үшін білікті кадрларды басқа аймақтардан тарту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, өңірлік ақпараттық платформалардың әр алуандығы мен деректердің шашыраңқылығы білім сапасына кері әсер етуде. Бұл мәселені шешу үшін барлық өңірлік платформалар біртіндеп Esep.kz жүйесіне интеграцияланатын болады, бұл деректердің ашықтығын қамтамасыз етіп, артық есептіліктен арылуға мүмкіндік береді.

Инклюзия мәселесіне де назар аударылды: министр кабинеттер тек көрсеткіш үшін емес, ерекше қажеттілігі бар балаларға нақты қолдау көрсетуге бағытталуы керегін атап өтті.

Жиын соңында министр өңірлік білім басқармаларына нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін бекітті. Министрдің пікірінше, өңірлердің нақты қажеттіліктерін білу мен сала менеджерлерімен кеңесу стратегиялық және инфрақұрылымдық шешімдер қабылдауда шешуші рөл атқарады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанбота 12.02.2026
Мен қосымша білім беру педагогімін. К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі. Аттестация сұрақтары педагогика және психология бағыты бойынша келеді. Музыканттарға неге музыка бағыты бойынша сұрақтар келмейді? Қайдағы психологтардың бізге не керегі бар? Лессон стади, қара жәшік бойынша сұрақтар келеді, бұл сұрақтар жалпы білім беретін мектептерге қатысты. Министрлік бірінші аттестация сұрағын жөндесін, пайызбен мұғалімдердің білім деңгейін тексермес бұрын.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл