Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында пайдаланылмай келген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып, оларды тиімді игерушілерге қайта бөлуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2022 жылдан бері 13,7 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 6,2 млн гектар жер жаңа жер пайдаланушыларға беріліп, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Қалған 7,5 млн гектарды бөлу жұмыстары дайындық кезеңінде. Министрлік бұл үдерісте жергілікті қауымдастықтардың, шаруалардың және инвесторлардың қажеттіліктеріне басымдық беріп отыр.
Жыл басынан бері Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшелер арқылы 2,1 млн гектар аумақта 1 497 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1,6 млн гектарға нұсқама берілді, 357,9 мың гектар игерілуде, ал 44,9 мың гектарға қатысты істер сотта қаралып жатыр. 2025 жылы қайтарылуы тиіс 2 млн гектардың 1,67 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылып үлгерген.
Президент тапсырмасына сәйкес, келесі жылдың ортасына дейін барлық қайтарылған жерлер өндіріске енгізіліп, инвестициялық айналымға тартылмақ. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі ауыл халқының жайылым тапшылығын шешуге ықпал етеді.
Министрлік жерді қайта бөлу жоспарын өңірлерге жолдады. Басты басымдық – ауыл тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жер саясатын толық цифрландыру шаралары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы жерлерін тек электронды форматта беру ұсынылып, конкурстарды жеңілдету және ашықтықты арттыру үшін автоматтандырылған баллдық жүйе енгізілмек.
Сонымен бірге "Мемлекеттік жер кадастры деректерін қалыптастыру" жобасы бойынша бірыңғай цифрлық карта жасалуда. Бүгінде 197,9 млн гектар жер учаскесі цифрландырылды. Жыл соңына дейін аяқталатын бұл жоба арқылы пайдаланушылар жер телімдерінің мәртебесі, иесі мен тарихы туралы ақпаратты онлайн ала алады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарып жатқан шаралар Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті.