| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада “7-20-25” бағдарламасымен үй алуға көмектесемін деп алдаған ер адам сотталды. Оның әрекеті салдарынан 25 адам зардап шегіп, жалпы шығын 95 миллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған ер адам сотталды. Ол клиенттерден ірі көлемде қаражат алып, өз міндеттемесін орындамаған.
Прокуратура мәліметінше, айыпталушы азаматтарды ипотека мен жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсыну сылтауымен алдаған. Алайда алынған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.
Қылмыстық әрекет салдарынан 25 адам зардап шегіп, жалпы шығын 95 миллион теңгеден асты.
Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған баласының бар екенін және залалдың бір бөлігін өтегенін ескеріп, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.