464.86
544.03
6.14
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
70 кг
Жаңалықтар

70 кг "Альфа-PVP": Шығыс Қазақстанда есірткі өндірісі тоқтатылды

27.04.2026
мин
0
96

Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі жойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

26 және 22 жастағы екі күдіктінің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Олардың шалғай ауылдардың бірінде үй алып, сол жерде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырғаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары мен тінту барысында заңсыз айналымнан зертханалық жабдықтар, 70 келі дайын синтетикалық "Альфа-PVP" өнімі, сондай-ақ шамамен 4 тонна химиялық реагенттер мен прекурсорлар тәркіленді.

Тергеу барысында қылмыстық әрекеттің интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы қашықтан жүргізілгені анықталды. Заңсыз айналымға шамамен 250 мың бір реттік доза жіберілмеді. Бұл – жүздеген адамның өмірін сақтап, азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткі өндірісін ұйымдастырушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл