Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
8 наурызға арналған ең пайдалы 5 сыйлықты білесіз бе?
Жаңалықтар

8 наурызға арналған ең пайдалы 5 сыйлықты білесіз бе?

07.03.2023
1 мин
1
2866

Мерекеде жақыныңызды қалай қуантарыңызды білмей жүрсеңіз, Dauletten.kz ұсынған ең пайдалы 5 сыйлыққа назар аударыңыз.

1. Блокнот немесе қойын дәптері

Әртүрлі жастағы аруларға арналған әмбебап сыйлық. Әсіресе, күнделік жазуды ұнататын және шығармашылыққа жаны құмар нәзік жандылар үшін таптырмас құрал. Нарықтағы бағасы сапасы мен талғамыңызға қарай 500 теңгеден жоғарылай береді.

2. Шашты сәндеуге арналған құралдар

Қазіргі таңда трендтегі сыйлықтардың бірі. Бүгінде техника дүкендерінен шашты сәндейтін түрлі саптамалары бар, әрі көп функциялы құралдарды кездестіре аласыз. Ол шашты кептіріп қана қоймай, сұлулық салондарындағы шаш үлгісін үй жағдайында істеуге мүмкіндік береді.

3. Смарт сағат немесе фитнес-трекер

Бұл қызметтегі және спортпен шұғылданатын арулардың қарбалас өмірін жеңілдететін сыйлық. Сондықтан оны таңдау барысында нәзік жандының бір күні қалай өтетіндігіне назар аударыңыз. Егер ол бизнеспен айналысып, түрлі кездесулерге жиі баратын болса, онда қоңырауларды қабылдап, жауап беретін және өзге де функциялары бар смарт сағатты сыйлағаныңыз дұрыс. Ал фитнес залдарында және бассейнде уақытын өткізетін аруға жүрек соғысының жиілігін және калорияны есептейтін фитнес-трекерді тарту етсеңіз, қуанары сөзсіз.  

4. Аксессуарлар

Жылы шарф, сәнді балаклава немесе тоқымалы қолғап... Ауа райының құбылмалы уақытында ерекше есте қалатын, әрі жылулық сыйлайтын сыйлық.

Аксессуарларды таңдағанда, зергерлік бұйымдарға да назар аударыңыз. Минимализмді ұнататын аруға аса көзге түспейтін шағын сырға, ал ерекшеленуді жаны сүйетіндерге үлкен тасты және пішінді аксессуарды тарту етіңіз. Егер таңдаудан қателесуден қорықсаңыз, сүйікті дүкеніне сертификат беруге болады.

5. Үйге жайлылық пен әсемдік сыйлайтын заттар

Интерьерге жайлылық пен әсемдікті кез келген зат қоса алады. Мысалы, жылы көрпе, хош иісті шамдар, сәндік вазалар да аруларға ұнайтын сыйлықтар қатарында. Бастысы, нәзік жандының қалауын білу. Ол гүл құмыралары, әдемі жастық немесе өте қызықты көрінетін жұлдызды аспан проекторлары болуы да мүмкін.

Есте сақтаңыз, сыйлықтың еңжақсысы қарызсыз, бөліп төлеусіз алынған сыйлық.

Фото: kk.unansea.com

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
D
Dr appolo 08.03.2023
Сәлем донорлар Сіз бүйрек сатып жатырсыз ба немесе сатасыз ба? бүйрек? сен не Бүйрегімді ақшаға сатуға мүмкіндік іздеп жүрмін Қаржы дағдарысына байланысты не істеріңізді білмейсіз жасаңыз, содан кейін бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге ең жақсысын ұсынамыз Бүйрегіңізге 600 000 доллар. Менің атым Доктор АПОЛЛО Мен APOLLO HOSPITAL SERVICES INDIA нефрологымын. Біздің аурухана Біз сонымен қатар бүйрек хирургиясына маманданамыз өмір сүру үшін бүйрек сатып алу және трансплантациялау байланысты донор. Біз Үндістанда, Түркияда, АҚШ-та, Малайзияда және Дубайда орналасқанбыз Егер сіз бүйректі сатуға немесе сатып алуға қызығушылық танытсаңыз, онда болмаңыз электрондық пошта арқылы бізге хабарласыңыз. Электрондық пошта: apollohospitals1000@gmail.com Құрметпен DR APOLLO
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл