Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысы Жарлы ауылында қоқысқа толы қараусыз құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кетіп, оны құтқаруға тырысқан ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 маусымда Байғанин ауданына қарасты Көлтабан ауылдық округіндегі Жарлы ауылында 9 жастағы қыз үй ауласындағы шамамен 10 метр тереңдікте орналасқан, ішіне қоқыс тасталған ескі құдыққа түсіп кеткен. Оны құтқаруға тырысқан 1987 жылы туған ер адам да құдыққа түскен, алайда қайта шыға алмаған.
Құтқарушылар құдықтан ес-түссіз жатқан бала мен ер адамды алып шыққан. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.