Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар қаласының 93 жастағы тұрғыны он жыл бойы жинаған ақшасын мүгедектігі бар балаларға көмек ретінде берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қария Сағадат Жұмабаев қазіргі уақытта Павлодардағы қарттар үйінде тұрады. Ол он жылдың ішінде 3,6 миллион теңге жинап, бастапқыда бұл ақшаны қажылыққа бару үшін сақтаған. Алайда жасы мен денсаулығына байланысты қасиетті сапардан бас тартуға мәжбүр болған соң, бар қаражатын мұқтаж балаларға көмек көрсетуге шешім қабылдады.
- Меккеге барсам деген арманмен жылдар бойы зейнетақымнан жинап жүрдім. 2022 жылы төлқұжат алдым, бірақ сол жылы қажылыққа баруға жасы 65-тен аспауы керек деген талап қойылды. Туроператорлар мені қабылдамады. Кейін денсаулығым нашарлап, жүріп-тұруым қиындай түсті. Таныстарым да қасымда еріп жүретін адам қажет екенін айтты. Осылайша, сапардан бас тартуға тура келді, – дейді Сағадат Жұмабаев.