Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
94 мың талапкер грантқа тағайындау конкурсына өтініш берді
Жаңалықтар

94 мың талапкер грантқа тағайындау конкурсына өтініш берді

26.07.2023
2 мин
0
462
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Биыл 94 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2022 жылы 80 мың өтініш қабылданған болатын, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ең көп таңдалған қала – Алматы, 38 мың бала оңтүстік астанамызды студенттік шақ өткізу үшін таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 18 мың өтініш қабылданса, 6 мың адам Шымкент қ. университеттерінде оқуға ниет білдірген.

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлер ең көп сұранысқа ие оқыту бағыттары бойынша таңдауды өзгеріссіз жасап жатыр. 

Өтініштердің көпшілігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. 

Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ тіс дәрігерлері, дипломаттар, заңгерлер және мұғалімдер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтілуде.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Барлық отырыстарды 10 тамызға дейін өткізіп, грант иегерлерінің тізімін жариялауды жоспарлап отырмыз.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл