Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысында балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған "Damu Bala" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу барысында "SAMGAU өнер&спорт мектебі" ЖШС директоры үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынғаны анықталды.
Ай сайын тапсырылатын есептерде шындыққа жанаспайтын деректер көрсетілген. Соның негізінде уәкілетті орган жұмыс істемейтін үйірмелерге бюджеттен қаржы аударып отырған. Тіпті кейбір балалар сабақтарға мүлде қатыспаған, ал кейбірі бағдарламаға "қатысушы" ретінде тіркелгенін білмеген.
Мысалы, Алматы облысында тұратын бір бала ешбір үйірмеге қатыспаса да, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің мүшесі ретінде тіркелген.
Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 миллион теңге залал толық өтелді.
Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.