Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Абай облысында із-түссіз жоғалған бала құдықтан табылды
Жаңалықтар

Абай облысында із-түссіз жоғалған бала құдықтан табылды

12.01.2026
мин
0
1019

 Абай облысында із-түссіз жоғалған бала құдықтан табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Абай облысының Чекоман шағын ауылында із-түзсіз жоғалған баланы іздеу жұмыстары жедел аяқталды. 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға бірден келіп түсті. Баланы іздеуге жергілікті тұрғындар бірден шықты. Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері дереу іздеуге қосылды. Шешуші рөлді бейнебақылау камералары атқарды. Учаскелік полиция инспекторы Алмас Бесенбеков пен ауылдық округтің әкімі Нұркен Жәрлікенов жазбаларды қарап, баланың мүмкін жүріп өткен бағытын және нақты орналасқан жерін анықтады. Қосымша іздестіру жұмыстары барысында бала құдықтан табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ол жерге кездейсоқ құлап түскен. Бетон плитаның астындағы шетінен бір бөлігі құлап, баланың түсіп кететін ойық пайда болған. Тәртіп сақшысы баланы аман-есен құтқарды, медициналық көмектің қажеті болмады. Баланың анасы іздеуге қатысқан барлық адамдарға және көмек көрсеткендерге алғысын білдірді.

– Бейнебақылау жүйелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл жағдайда камералар жедел әрекет етуге және баланың өмірін шын мәнінде құтқаруға көмектесті, - деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров.

Полиция тұрғындарға әсіресе қыс мезгілінде балаларға ерекше көңіл бөлу қажеттігін еске салып, қауіпті учаскелер мен ашық инженерлік құрылыстар туралы ақпаратты уақытында хабарлауды сұрайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл