| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде екі боксшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлады turkystan.kz.
Астана уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда 1/16 финалда Санатәли Төлтаев (63,5 келі) Маврикий елінен келген Ришарно Колинмен қолғап түйістіреді.
Ал елорда уақытымен 19:00-ге белгіленген сессияда Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновпен сынға түседі.
Фото: ғаламтордан