| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Халық Кеңесінің бірінші сессиясында қоғамдық сананы өзгерту қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент Қазақстан тарихи және тағдыршешті дәуірге қадам басқанын баса айтты. Ауқымды өзгерістер үдерісі билік тармақтарын жаңғыртумен шектелмейді.
Мемлекет басшысы Әділетті, Озық, Таза және Күшті Қазақстанды құру бағытындағы кешенді жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.
Оның сөзінше, реформаларды табысты жүзеге асырып, елдің тұрақты өсіп-өркендеуі үшін мызғымас негіз қалыптастыру маңызды. Бұл ретте қоғамдық сананы өзгертуге басымдық беріліп, білімпаздық, ұқыптылық, жауапкершілік және еңбекқорлық қасиеттері қоғам санасының өзегінде болуы тиіс.
Президент заңға бағыну, елге жанашыр болу, табиғатқа қамқорлық жасау және тазалықты сақтау озық ойлы ұлтқа тән маңызды құндылықтар екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы «Адал Азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» бастамаларының басты мақсаты осы құндылықтарды қоғамда түпкілікті орнықтыру екенін айтты.