447.52
502.21
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан жылыту маусымына қаншалықты дайын? Министр жауап берді
Үкімет

Қазақстан жылыту маусымына қаншалықты дайын? Министр жауап берді

10.11.2026
0 мин
0
75

Қазақстанда жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Еліміздегі тұтынушылар электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында энергетикалық нысандарда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Атап айтқанда, еліміздің электр стансаларында 8 энергоблок, 49 қазандық және 37 турбина жөндеуден өтті. Сонымен қатар өңірлік электр желілерінде 17,1 мың шақырым электр беру желісі мен 444 қосалқы станса жөнделді. Бұдан бөлек, 377 шақырым жылу желісіндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Энергетика министрі жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы көлемі орта есеппен 27 пайызға артқанын атап өтті.

– Нәтижесінде электр стансаларының тозу деңгейі 52 пайызға дейін, электр және жылу желілерінің тозу деңгейі тиісінше 65,7 және 48 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны орта есеппен 6 пайызға азайды, – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрлік мәліметінше, энергетикалық нысандарда туындайтын технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылады.

Сонымен қатар биылғы жылдың алғашқы 10 айында Қазақстанда 102 миллиард кВт·сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға жоғары.

Осылайша, жүргізілген жөндеу жұмыстары мен энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту шаралары жылыту маусымының тұрақты өтуіне бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл