457.21
534.62
6.08
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Адам саудасы мен өзге де қылмыстар: ІІМ операция қорытындысын жариялады
Жаңалықтар

Адам саудасы мен өзге де қылмыстар: ІІМ операция қорытындысын жариялады

29.04.2026
мин
0
95
Сурет: Aikyn.kz

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қарсы кең ауқымды «STOP трафик» операциясының нәтижелерін жариялап, бірқатар ауыр қылмыстардың жолын кесті, — деп хабарлайды  Dauletten.kz. 

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қарсы күрес және қоғамға теріс әсер ететін заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта сәуір айында ел аумағында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Операция барысында адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталды. Тергеу жұмыстары бірнеше өңірді қамтыды.

- Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді. Анықталғандай, 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қорда тұрған. Оның баладан бас тартуына байланысты қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сонымен қатар Жетісу облысында жасөспірімдерді заңсыз қамауда ұстап, мәжбүрлі түрде жұмысқа жегу фактісі тіркелді. Бірқатар өңірлерде жастарды заңсыз әрекеттерге тарту және порнографиялық сипаттағы контент тарату деректері бойынша да қылмыстық істер қозғалды.

Алматы қаласында адам саудасына қатысты ұйымдасқан топ анықталып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер тұрақты мекенжайы жоқ азаматтардың атына жалған несие тарихын жасап, қымбат көліктерді заңсыз рәсімдеген. Негізгі ұйымдастырушылар ұсталды, тергеу жалғасуда.

Абай облысында вебкам-студиялар ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды. Бірнеше өңірде жастарды теріс әрекеттерге тарту, порнографиялық материал тарату және басқа да заңсыз істер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалған.

ІІМ мәліметінше, адам саудасы мен өзге де қылмыстарға қарсы операциялар жалғасады. Ведомство азаматтардың құқықтарын қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басты назарда ұстап отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл