Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Адамдардың миына чип салынады - Илон Маск
Жаңалықтар

Адамдардың миына чип салынады - Илон Маск

06.12.2022
1 мин
0
1217

Белгілі кәсіпкер Илон Маск өзі басқаратын «Neuralink» компаниясының адам миына чип салу сынақтарын келесі жылы бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты «Адырна» агенттігіне сілтеме беріп.

Айтуынша, операция шамамен бір сағатқа созылады. Арнайы робот бас сүйегіне тесік жасап, чипті имплантациялайды.

Болашақта өнертабыс ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жеңілдетпек. Атап айтқанда, бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың басқалармен араласуына және аяқ-қолдарының қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, миға арналған чиптерді әзірлейтін Neuralink стартапын Илон Маск 2017 жылы ашқан еді. Миллиардер чипті миға орнатудағы мақсаты ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру екенін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл