| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
86 мың адам «AdiletGov» қосымшасын қолдануда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атқарушылық іс жүргізуді ашық әрі қолжетімді ету үшін 2025 жылғы 1 шілдеде «AdiletGov» қосымшасында «Тараптар кабинеті» іске қосылды. Бұл модуль арқылы азаматтар мәжбүрлеп орындату шараларын онлайн бақылап, келіспеген жағдайда бірден өтініш қалдыра алады (5 күн ішінде қаралады).
- Іске қосылған сәттен бастап атқарушылық іс жүргізу тараптарынан 12 700 өтініші келіп түсті. Бүгінде қосымшаны пайдаланушылар саны 86 мыңнан асады, - деді ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар сот орындаушыларын бақылауды күшейтуге бағытталған «Цифрлық көмекші» енгізілді. Борышкерлер тізілімі автоматты түрде жаңартылып отырады. Кейбір шектеулерді автоматты түрде алып тастау жүйесі іске қосылды.