| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Air Astana өкілдері Иран мен Ирак аумағындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларының кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытына өзгерістер енгізілгенін жолаушылардың назарына салады. Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер аталған елдердің әуе кеңістігін айналып өтетін болады, – делінген хабарламада.
Компания өкілдері жағдайды үнемі бақылауда ұстайтындарын және алдағы өзгерістер жайлы жолаушыларды дер кезінде хабардар ететіндерін атап өтті.
Сондай-ақ, жолаушыларға ұшулардың мәртебесін алдын ала тексеріп отыру ұсынылады, себебі рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.